Зілзаланың кесірінен Қазақстанға келмейді

Зілзаланың кесірінен Қазақстанға келмейді
Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жер сілкінісіне салдарынан Қазақстанға келмеуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NTV-ке сілтеме жасап.  Бұған дейін Жапонияның метеорологиялық агенттігі Кюсю аралының оңтүстік бөлігіндегі жер сілкіністерінен кейін Жапонияның Тынық мұхиты жағалауындағы Нанкай жарығында тағы бір жойқын жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары екенін ескерткен. 8 тамызда Астана уақытымен сағат 12:42-де магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпу ошағы Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік бөлігінде, Миядзаки қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан. Еске салайық, Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамызда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлаған болатын. 9 тамызда Астанада "Орталық Азия + Жапония" диалогының бірінші саммиті өтеді.
Барлық жаңалықтар