Жаңаөзенде мектеп түлектерінің кортежі апатқа ұшырады

Жаңаөзенде мектеп түлектерінің кортежі апатқа ұшырады
Жаңаөзен қаласында соңғы қоңырау мерекесіне орай ұйымдастырылған мектеп түлектерінің салтанатты кортежі жол апатымен аяқталды. Жарияланған видеолардан пикап көлігінің жол жиегімен үлкен жылдамдықпен келе жатып, түлектер отырған джипке соғылғаны анық көрінеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы және жол апатының нақты себептері туралы ақпарат әзірге нақтылануда. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.
Барлық жаңалықтар