Украина президенті Владимир Зеленский ұлыбританиялық ITV News арнасына берген сұхбатында Ресеймен келіссөздерге дайын екенін, бірақ бір маңызды шартпен келісетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зеленскийдің сөзінше, Украина АҚШ пен Еуропаның уәделері сенімді екеніне көз жеткізуі керек, ал бұл Киевке қолдаудың жалғасатынына кепілдік бермек."Америка мен Еуропаның бізді тастап кетпейтініне, бізге қолдау көрсетіп, қауіпсіздік кепілдіктерін беретініне сенімді болсам, кез келген форматтағы келіссөздерге дайын болар едім", - деді ол.Украина президенті әділетті бейбітшілік Киев үшін маңызды екенін, алайда бұған дейін одақтастар тарапынан нақты қадамдар қажет екенін айтты. Зеленский қажет жағдайлар жасалса, Ресеймен қақтығыс 2025 жылы аяқталуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Ол украиналықтардың соғыстың биыл аяқталғанын қалайтынын, сондай-ақ бұл пікірді АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп та қолдайтынын айтты. Сонымен қатар Зеленский жақын арада елде сайлау өткізуді қолдамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина халқы соғыс жағдайында дауыс беруді қолдамайды, ал әскери жағдайды жою армияның жауынгерлік қабілетіне қауіп төндіреді.
"Біздің халқымыз соғыс кезінде сайлау өткізуге қарсы. Егер біз әскери жағдайды тоқтатсақ, армиямызды жоғалтамыз. Ал әскери қызметкерлерсіз дауыс беру әділетсіз", - деді Владимир Зеленский.