Үшінші сыныптың қызы өзіне қол салды

Үшінші сыныптың қызы өзіне қол салды
Көкшетауда 9 жастағы қыз асылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Nayzakokshe инстаграм-паблигінің жазуынша, қыздың денесін әкесі тапқан. Көпбалалы отбасында болған қайғылы жағдай туралы редакция полиция департаментінен түсініктеме сұратты. «Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Ақмола ПД. Пабликтегі ақпарат бойынша қыз үшінші сыныпта оқыған. Қазан айында ол 10 жасқа толуы керек еді. Айта кетерлігі, Қазақстанда жылына 4 мыңға жуық тұрғын өзіне қол салады. Оның ішінде жыл басынан бері 112 балалар суициді тіркелді.
Барлық жаңалықтар