Университет бетін көрмей, мұғалім болғандар аз емес

Университет бетін көрмей, мұғалім болғандар аз емес
Педагогтардың сауатсыздығы туралы айтқан министр "Құдай бермегенді Оксфорд та бере алмайтынын" ескеруі керек еді... Иә, таласым жоқ - дипломды сатып алған немесе ЖОО-ны дәлізде бітірген педагогтар жетерлік.. Бірақ 4-5 жыл оқып алғандардың арасында да өресі таяз педагогтар жетерлік. Сондықтан педагогикалық мамандықтарға қабылдау тәртібін өзгерту керек.. Тағы бір басты мәселе.. Маманның біліктілігін тексеруде тестілеуді панацея ретінде санауды доғаратын кез жетті.. "Абай жолын кім жазды?" дегенге "М.Әуезов" деп тақ ете қалғанның бәрі тегіс романды оқыды дегенге өз басым сене алмаймын.. Біліктілік тексерудің өзге де тәсілдерін қарастыру керек.. Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, білікті ұстаз. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар