Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді

Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді
Ұлттық құрылтай жұмысына жаңа қоғам өкілдері тартылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Жаңа құрамда: — Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шағыртаев; — Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров; — Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексейітова; — Математик, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дұрвудхан Сұраған бар. Сондай-ақ ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Л. Тараков (қайтыс болуына байланысты), Б. Қаниев, Қ. Бисенов, А. Орынбек, С. Сәдvақасов және М. Жабағин шығарылды.  
Барлық жаңалықтар