Түркияның атақты актеры Бурак Өзчивит Алматыға келген сапарында қазақ баласының тұсауын кесті.
"Біз баламыздың тұсауын осы танымал актер, әлемдік деңгейідегі жұлдыз Бурак Өзчивитке кестіргенімізге қуаныштымыз. Біздің туыстарымыз, ата-анамыз оның өнерін жақсы көреді. Біздің баламызға да оның бойынан жауапкершілік, талант пен өнерлі болу дарысын деп тілейміз. Осылайша, оның жеңісті табысын ырымдап тұсауын кестірдік" – деді баланың әкесі.
Айта кетейік, түрік актері Алматы мен Астананы ерекше жақсы көретінін, алдағы уақытта балаларымен бірге келгісі келетінін жасырмаған еді.
“Болашақта балаларымды Алматыға алып келемін. Маған Қазақстан ұнайды. Балаларым қазір кішкентай, мен олардың шетсіз-шексіз атажұртта өскенін қалар едім", – деді актер.