Триллиондаған ақша арабтың қыздарына шаш жайдырып теңселтті

Триллиондаған ақша арабтың қыздарына шаш жайдырып теңселтті

Бұл – моншадан кейін шашын жайып кептіріп жатқан қыз-келіншек емес. Абу Дабида БАӘ билігі Трампты тек әйелдер билейтін арабтың халиджа дейтін дәстүрлі биін әйелдерге билетіп қарсы алды.

Парсы Шығанағындағы араб әмірлері Трампты күтіп алу жағынан бірінен бірі асып түсуге барын салды енді. Қарсы алудың неше түрін жасады. Түйе де, ұшақ та сыйлады. Қалтасына 3,2 триллион доллар салып берді. Қатарда еркектері биледі, ал Араб Әмірліктері әйелдерін Трамптың алдында шашын жайып билетті. Халиджа биі түйенің қимылын келтіреді дейді. Түйе – шөлде өмір сүретін араб үшін ерекше қасиетті жануар. Шашты жайып жіберіп билеу, осы бидің бір элементі. Бір кездері бұлай істеу шариғатқа жатпайтын теріс қылық делінген. Сол себепті тек әйелдердің ортасында ғана билеген. Интернеттен БАӘ негізін қалаған шейх Зайед түсіп қалған бейнежазба тауып алдым. Ол жердегі халиджа Трамптың алдында шаш жайғандардың қимылына қарағанда биге көбірек келетіндей, бір әдемі элементі бар секілді көрінді. Араб десе әйел баласы бастан аяқ оранатын, мұндай ерсі көрінетін дәстүр оларда мүлдем болмайды деп түсінетін, шаш жайғанды қайғы мен жаманат, жаман қылықтың белгісі деп білетін қазақы таным-түсінікке мұны қорыту қиындау болар Америкалықтар айтпақшы: nothing personal, just business Триллиондар айналғанда, тыр жалаңаш билеу де ерсі көрінбес мүдделілерге. Дәнеш АСҚАРБЕКҰЛЫ, журналист. Фото видеодан скринделді. https://www.tiktok.com/@tengrinewskz/video/7504670190446120197?_t=ZM-8wQIRnz8WhT&_r=1
Барлық жаңалықтар