Трансгендер Амилай үндеу жасады (ВИДЕО)

Трансгендер Амилай үндеу жасады (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде қазақстандық "Амилай" лақап атымен таныс трансгендер ата-аналарға арнап үндеу жасады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.  Амилай әрбір ата-ана баласы трансгендер болып кетпесін десе, баласы кішкентайынан онымен сырласып, ашық сөйлесуі керек екенін айтып: "Кішкентай кезімде ата-анам менімен ашық сөйлеспеді. Кейін өсе келе өзімнің еркектерге ерекше сезімім болатынын аңғардым. Өмірге еркек боп келсем де, әйелді емес, еркектерді жақсы көрем. Сол себепті ата-ана бала кішкентай кезде қадағалап, ашық сөйлесуі керек" деді. Сонымен қатар ол өзінің 6 жасынан бастап, бойындағы өзгерісті байқағанын айтып, ТикТок жастарды бұзады, трансгендер болуға үйретеді деген пікірге қарсылығын білдірді. Және ТикТок әлеуметтік желісін бұғаттауға қарсы екенін де білдірді. Фото ашық дереккөзден алынды. https://www.tiktok.com/@amilai.omir/video/7361284648564985121?_r=1&_t=8lqKCkU85fa  
Барлық жаңалықтар