Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Гүлмира Әбіқай Қызылорда облысындағы сұмдық жағдай туралы жазба дариялады деп хабарлайды Democrat.kz.
"Мынау не сұмдық?! ҚЗО, Шиелі ауданындағы жеке бақшада 2 жасқа толмаған қызды 1,6 жасар сәби тістелеп тастаған. Тістеді деген жәй ғана, бөпенің денесінде сау тамтық жоқ, 25 жерден ет-терісімен қыршып алған.
Осы күйге жеткенше “Раяна” бақшасының тәрбиешілері қайда қараған?
“Камераны көрсетпей отыр, бақшадан ешкім скорый шақырмаған. Спокойно баланы ата-анасына табыстап, бетін тістеп алыпты деп арқасындағы тіс ізі жайлы айтпады. Қолды-аяққа тұрмай шырылдаған баланың тістелмеген жері жоқ екенін үйде денесін көргенде бір-ақ байқадым” деп жазады анасы. Тістелген қыздың бақшаға барғанына небәрі 2-ші күн болған екен.
Денесі ауырғаннан байыз таппай шырқыраған сәби шошып қалған, 2 күн ұйқысыз өткізіпті. Сәбиге ем болсын, ал жауапсыз жеке бақша қызметкерлері заңды жазасын алуы тиіс!
Шиелі аудандық білім бөлімі: біз жауапты емеспіз депті арыз жазған аудандық полиция бармақ басты, көз қысты болып кете ме деп алаңдайды анасы.
Жапа шеккен отбасында 4 бала бар, әлеуметтік жағдайы мәз емес" деп жазды
Гүлмира Әбіқай.
Фото көрнекілік үшін интернеттен.