Орта жастағы аса көрікті болмаса да, өзіне тән нәзіктігі бар қараторы келіншек алдындағы ақ жаймаға құмалағын шашып жіберді де, басын бір шайқап алып: «Қызым, үлкен уайымның үстінде жүр екенсің. Оныңды не жақының, не күйеуің ұғынбайды. «Екі оттың ортасында қалған» деген осы...», – деп алдындағы шайын ұрттап алғанда, күткені айнымай келгендей Сәуле көз жасы көл болып отырып, өзінің сырын жайып салды. Құмалақшы да алдындағы суық шайын ұсынып: «Жылап ал, жеңілдейсің», – деп асықпай бетіне бір қарап алып, сөзін жалғастыра түсті.– Қатты қуанып тұрып, ренжігенің санаңа салмақ салыпты. Бұлай жүре берсең, ауруға шалдығасың. Қорықпа, әрбір нәрсенің шешімі табылады... – деді жұмбақтап. Сәуле: – Қандай шешімі болуы мүмкін? Қанша байлық. Енем болса жұмыртқалайтын тауыққа ұқсап: «Қайын сіңліңе бір алтыныңды бер» дей берсе, күйеуім: «Қайдағы бір тас үшін ағайыннан шығар жайым жоқ» дейді, – деді ағынан ақтарыла. – Мына құмалақты көрдің бе? – деп әйел әрі қарай айлаға көше бастады. – Жатысы жайсыз. Ол кездейсоқ емес. Сенің бағыңды көре алмайтын үйіңнің шығыс жақ бетінде тұратын бір көршің бар екен. Түсі қара, арық келген келіншек. Сол жақ бетінде меңі бар екен. Қысастық содан келіп тұр. – Мен не істей аламын? – Менің құмалағым бойынша ол сенің бұйымдарыңды алғанымен, әзірге ешқайда жібермеген. Мүмкін, ойланып әкеліп берер. Әлде сонда алтынды қайда, қай ретпен жұмсардың амалын таба алмай тұрғаны анық, – деді де тастарын жинап тастады. Садақаға берген ақшаны алған құмалақшы келіншек телефон нөмірі жазылған есімхатын беріп жатып: «Тұзың – жеңіл, қаның – тұщы екен. Тағы бірде хабарласып келерсің, жолыңды ашып берейін», – деді. Бұрын-соңды «Сәуегейлер – Алланың әміріне қарсы келушілер» деп ойлайтын Сәуле сол жолы пікірінен бір рет болса да айнығанына қуанды. Сосын шығыс жақ беттегі көршілерді түгендей бастады. Тапты. Ұлжалғас! Иә, қараторы жас келіншек, шығыс жақ беткейде тұрады. Бетінің әр жерінде меңдері бар. Сәуегейге солардың бірі көрінген шығар. Ұлжалғас – Сәуле мен Мақсатты таныстырып, табыстырған жан. Сәулемен оқу орнында қатар оқыған қыздың Мақсат туыс ағасы болып келеді. Үйлерінің аралары да жақын. Келін болып түскен күннен келіннің өзіне «Гугл» деп ат қойған осы қайын сіңлісінен мұның үйренгені көп. Бір нәрсе жасарда міндетті түрде екеуі ақылдасады. Қажетті ұсақ-түйекті сұрап алады. Ұлжалғас та ата-ене, үш баласына қарамай, қолы қалт етсе, Сәулеге көмектесуден аянған емес. Тіпті қонақ күтер болса да барлық дәмді тағамды пісірісіп көмектесетін. Осындай жанашыр деген жанның өзіне «қастық» жасағанына Сәуле іштей қатты күйінді. Үйге келсе, Манзураның біреумен сөйлесіп отырған дауысын естіді. Жақындап барса, Ұлжалғас екен. Шай ішіп отырған қос қыз жеңгелеріне ілтипат білдірді. Киімін ауыстырып келген соң дастарқан басына жайғасқан Сәуленің түрін көрген Гугл қайын сіңлісі: «Ау, жеңеше, саған не болған? Өрт сөндіріп келген адамға ұқсап...» – деді. Бұл: – Иә, дұрыс таптың. Өрттің қайдан шыққанын біліп келдім. Енді сөндірмекпін, – деді қызына. Не болғанын түсінбеген екеуі бір-бірінің бетіне қарады. Ары қарай шай үнсіз ішілді. Сәуленің Ұлжалғасқа деген өшпенділігі өрши түсті. Істеген ісі, оған қатысты естеліктердің бәрін жек көрді. Кездессе, тұспалдап әңгіме айтса да, Ұлжалғастың түсінер түрі жоқ. Соңғы күндері ол да мұнан бойын аулақ ұстай бастады. Олай етпегенде қайтсін. Келсе, тыжырына қалады, бір нәрсе сұрай қалса, бар болса да, «жоқ» дейді. Бұрынғыдай емен-жарқын қатынас жоғын көршісі де ұғынса керек. Алғашында ауырлау болса да, қазір Сәуле шығыс жақ беттегі үйге аттап баспайтын болған. Онысын «Тауықсыз да таңым атқан» деп қояды өзінше. Жақында құмалақшы әйелге тағы жолы түскен. Сонда ол: «Мына қатын алтындарыңа бауыр басып қалғаны сонша, иесіне беру туралы ойынан мүлдем бас тартыпты. Саспа, оңай пайда ешкімге опа бермейді. Жақында үлкен шығынға ұшырайын деп тұр екен. Алтындарыңды қайтара алмайсың. «Басымның садақасы» дей бер, – дегенді айтқанына бұл да көндікті. Арада бір апта өтер-өтпестен Ұлжалғастың үйінен алау тұтанды. Балалар бөлмесінде қосылып тұрған үй шамнан шыққан от жарқылы ортаншы ұлының сентифон көрпесіне, жанындағы жұмсақ ойыншығына шашырап, үйдің іші түтіндеген. Салдарынан үлкен өрт болса да, кішкентайлар иісінен уланып, екеуі аналарымен ауруханаға жатып шықты. «Көңілін сұрап барып қайт» деп қолқалағанымен, онысынан түк шықпасын білді ме, енесі қызын ертіп ауруханаға тамақ апарып берді. Сәуленің жүрегіне шемен болып қатып қалған ызасы балаларға да жібімеді. Қайта бәрін өзіне жасалған іске қайтарым деп ұғынып, жаны жайланғандай болды. Бірде нағашы ағасының қызы үйленбек болып, Мақсат екеуі тойға дайындалды. Күйеуі үйлену тойында киген костюм-шалбарын кигелі жатып: «Мынау не?» – деді қалтасындағы қомақты затты көрсетіп. Алып қараса, бет орамалға түйілген іздеп жүрген алтындары. Есіне енді түсті. Тойханадан шыққан соң жастар қала шетіндегі су өткеліне барып, аққайнар атып, суретке түскен. Сонда денесі суықтан тоңа бастаған қалыңдыққа күйеуі үстіндегі сырт киімін шешіп берген. Тойда сыйланған бағалы бұйымдарды ішкі қалтаға бұл өз қолымен салған. Не қуанарын, не өкінерін білмеген Сәуле ораманы қатты қысып тұрды да, жерге лақтырып жіберді. Ары мазалады ма екен, жанары жасқа булығып, үйінің ауласынан сыртқа қарай жүгіре берді. Не мақсаты бары өзіне де беймәлім еді. Алыстан үш сәбиін жетектеген Ұлжалғасты жазбай таныды. Жақын барып, кешірім сұрамаққа оқталып еді, ол бұрылып кете барды. Сол сәт барлық нәрсе адамның пейілінде екенін ұғынғанды. Ұлжалғастың берекелі тұрмысы көңілінің жайлылығына берген тағдыр тартуындай көрінді. Авторы - Алтын ҚОСБАРМАҚОВА. Фото көрнекілік үшін.
Тәуіпке сеніп, ағайынның арасына сызат түсірген келін

-
Жаңаөзенде мектеп түлектерінің кортежі апатқа ұшырады
12:30, 23 мамыр 2025
14
-
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты
11:55, 23 мамыр 2025
31
-
Білім саласында ақша желінгеннен басқа атқарылған нәтижелі шаруа бар ма?
11:02, 23 мамыр 2025
206
-
"Министр Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберу керек!" дейді наразы жұрт
10:02, 23 мамыр 2025
190
-
"Түріктер тек қазақтың қызына үйленсін!" дейді түрік жігіті (ВИДЕО)
09:02, 23 мамыр 2025
322
-
Әнші Қазыбек Құрайыш өзіне некені тіркеу туралы өтініш түскенін көрсетті
08:30, 23 мамыр 2025
85
-
Қайрат Нұртас уәдесін неге орындамай жүр?
08:01, 23 мамыр 2025
213
-
Баян Алагөзова: "Шексіз бақытқа кенелдім"
07:30, 23 мамыр 2025
135
-
Бейсен Құранбек қара магияның құрбаны болған ба?
07:04, 23 мамыр 2025
1005
-
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті өтуі белгісіз
06:30, 23 мамыр 2025
102
-
“Гүлжанмен сүйісіп, төсекте жатып жүріп соттастық” дейді “Тамашаның” әртісі Мұхамеджан Мырзакеев
06:10, 11 наурыз 2025
10821
-
"Жұмабектің экс-әйелі Динарадан әдемі екен" дескен жұрт кәсіпкерді сынап тастады
06:00, 17 сәуір 2025
9872
-
Шешемнің азапты өлімі: Бұл дүниенің күнәсі о дүниеге өтпейді екен
09:34, 26 сәуір 2025
8361
-
Бишімбаевтың қарындасы ағасы туралы сұмдық шындықты жайып салды
05:33, 07 мамыр 2025
8050
-
Мұғалім министр Ғани Бейсембаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)
09:02, 16 мамыр 2025
7255
-
"Күндіз шешемді жерлеп, кешке тойға бардым" деді "супер тамада"
08:01, 27 сәуір 2025
7194
-
Оқу ағарту вице-министрінің қазасы: Медицинамыз ажал ошағына айналғаны ма?
13:07, 26 наурыз 2025
6114
-
Қайрат Нұртас масқара болып, ұятқа қалды
07:30, 24 наурыз 2025
6035
-
Қазақстандық лесбианка басынан өткен жағдайды баяндап берді
10:07, 01 сәуір 2025
5867
-
"Магнум дауы": Мұғалім Асылханға қатысты сорақы шындықтар жарияланды
05:50, 09 сәуір 2025
5616