Танымал дәстүрлі әнші, жыршы Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында хиджаб пен ұлттық киімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Хиджабтың үстінен тақия киіп, тақиямызды қор қылмаңдар. Қазақта қыз – тақия, әйел – орамал, кемпір – кимешек киген. Сендердің хиджабтарыңның үстінен тақия кигенді көрген ана ғасырдың адамы «мынау кемпір ме, әлде қыз ба?» деп таң қалар. Я – кемпір бол, я – қыз бол», — деді ол.
Оның сөзінше, осылай киінетіндер қазақтың қыздарының киімін қор қылып жүр.
«Бұл әрекеттер салт-дәстүрді білетін қазаққа ерсі болып көрінеді», – деп жазды әнші.