Танымал ұстаз қудалауға ұшырап, қысым көріп жатқанын мәлімдеді

Танымал ұстаз қудалауға ұшырап, қысым көріп жатқанын мәлімдеді

Танымал, белсенді ұстаз Тілекқабыл Нұрыш өзіне және басқа да мұғалімдерге қатысты басшылық тарапынан жүріп жатқан қысымдар туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында Тілекқабыл Нұрыш мектеп басшыларының педагогтарға түрлі әдістермен тиісіп, қысым көрсететінін, өздеріне бағынбайтын, заңды айтқан мұғалімдердің қудалауға ұшырайтынын айтады. "БҚО-да менен басқа педагогтерге басшылары "мен сені жұмысқа алдым' деп бетіне баса ма екен осы. Сонда олар өздері өткізген конкурстың заңдылығына сенбейді ме, екен?! Қай мектепке де Заңды түрде конкурс арқылы өтіп кіремін. Бірақ осы сөздер соңымнан қалмайды. Педагог-зерттеуші санатым, 28 жыл еңбек өтілім бар. Соңғы екі жыл ішінде пәндік олимпиада, ғылыми жоба жетістіктерім де бар. Б ірақ өздерінде осы нәтиженің жұрнағы жоқтардан сөз естіп болдым. Өкінішке орай, оларды өтірік мақтай беру қолымнан келмейді екен. Сынды қабылдау, мінді түзетудің орнына менімен алысады. Жөнді білетін адам басшы болмайды-ау осы. Білім саласының былығын көрудей-ақ көре отырып, көрге де кірерміз бір күні. Бір кем дүние.. Тағы да басталды... Бұрын мені тәжірибесі аз, санаты сарапшыдан аспаған, басшылық санаты жоқ директорлар қудалап еді. Оларды іштей сол үшін де ақтап алатын едім. Ал енді шебер-педагог, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, бірінші санатты көшбасшыдан соншалықты төмендетікті күтпеп едім. Парықсыздықтың белгілі -бір өлшемі жоқ екен ғой. Былайғы уақытта өздерін қорғай алмайтын мұғалімдер ондайда ақыл айтып, көсемсіп басшыны қорғағыш болып кететіні-ай. Сол баяғы сценарий, мен жүріп өткен жолдар. Біз сияқты белсенді педагогтардың өмірі осылай өтетін болып тұр-ау. Себебі біз басшыларға табына, жағына алмаймыз. Шыдамның шегіне жеткен күні жарыламыз", - деп жазды Тілекқабыл Нұрыш. Фото әлеуметтік желіден.
Барлық жаңалықтар