Смановтардың қобдишасы халықтың ақшасын сорып жатыр

Смановтардың қобдишасы халықтың ақшасын сорып жатыр

Смановтар қайыр сұрағанды қашан қояды?! Кофехана мен Сарыағаш медресесін не байланыстырып тұр?

Кофелену үшін кофеханаға кірсем, алдымнан ылғи мынау (суретте) қайыр сұраған жарнамалы қобдиша шығады, ол әрқашан кассаның алдында тұрады. Қарағандыға бардым – қаладағы кофехананың бәрінде осы қобдиша тұр. Тараз, Алматы, Шымкенттегі кофеханада да таң намазында балаларға аяқ-бұтын уқалатқыш Әбдіжаппар Смановтың "каспиголды" жазылған осы қобдиша тұрады. Маңдайшасына үлкен әріппен САДАҚА деп, оң жағына Сарыағаш медересесінің телефон нөмірлері жазылған. «Сманов садақаны медресе үшін сұраған екен» деуге келмейді, себебі садақа берілсе, ол ақша зейнеткер Ә.Смановтың қалтасына барып түседі ғой. Сарыағаш медресесі ҚМДБ-ға қарайды. Бұл медресеге Түркістан облыстық білім басқармасы да бюджеттің миллиардтаған теңгесін заңсыз шығындағанын бұған дейін жазғанбыз. Сонда қалай боп кетті өзі?!. Сарыағаш медресесі мемлекеттен де, «битін сығып, қанын жалап» әзер күн көріп отырған халықтан да қайыр сұрап ақша жинайтын болған ба?!. Әлде бұл зейнеткер Смановтың жеке бизнесі ме, ал медресе бюджеттің қаржысына ғана күн көре ме?! Қалай десек те, екеуі де қазаққа масыл болды ғой, халықтың қанын сорған паразиттер-ай... «Сманов садақа-қобдишасын неге кофеханаларға қойды?» деген сұраққа мардымды жауап таппадым. Тарихи дерек бойынша, Еуропаға кофе ішу дәстүрі Араб түбегінен келіпті. Мұны қысқартып айтқыштар «кофе -арабтікі» дей салады. Исламның орталығы саналатын Сауд Арабиясының ресми діні - сәләфизм. «Сарыағаш медресесі - Қазақстандағы сәләфизмнің ошағы, Смановтар - арабшы» деп жиі айтылады. Солай болса, «кофе – арабтікі» болса, онда «арабшы Ә.Смановтың садақа-қобдишасы Қазақстандағы барлық кофеханада тұруы міндетті" дейтіндер табылар.... Дегенмен, бұл жауап ақылға қонымсыз, логикаға келмейді ғой... Сондықтан «Кофеханаларда неге Смановтың садақа-кобдишасы тұрады?» деген сұрақтың жөні түзу жауабын одан әрі іздеу керек. Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. Фото көрнекілік үшін.  
Барлық жаңалықтар