Шымкент Білім басқармасы мұғалімдер мен ата-аналарға ескерту жасады

Шымкент Білім басқармасы мұғалімдер мен ата-аналарға ескерту жасады
Әлеуметтік желіде тараған қысқа видеода Шымкент қалалық Білім басқармасының өкілі алдағы келе жатқан мерекеге байланысты ескерту жариялаған деп жазады Democrat.kz. Басқарма өкілі мерекеге байланысты мұғалімдерге сыйлық беруге, сыйлыққа, мерекелік кешке ақша жинауға заңмен қатаң тыйым салынатынын айтып: "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, Білім басқармасы осындай шараларға байланысты қатаң ескерту жасайды. Мұндайға жол бергендерді заңмен жазалайтынын ескертеді", - деді. Шымкент қалалық Білім басқармасы таратқан бұл видео роликке қатысты "жинап қойдық уже. Керемет болсаңдар, сол 1000 теңгені аңдымай, миллиондарды қырып жатқан жемқорларды қатаң қадағалаңдар қадалағыштар!", "мұғалімдердің ай сайынғы қалтасынан қанша мыңдаған ақшаға көрнекілік, стенд жасатуды неге қатаң бақылауға алмайсыз?", "иә, сен сөйлей бер, уже жұрт жинап қойды", "почему именно мұғалімдерді көріп қалады?" деген сыңайда пікірлер жазып жатыр. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@snkz.media/video/7477839341172100357?_r=1&_t=ZM-8uP8fyhdxGp
Барлық жаңалықтар