Шетелдік қыздар интимдік қызмет көрсеткені анықталды

Шетелдік қыздар интимдік қызмет көрсеткені анықталды

Түркістан облысы Сайрам ауданында притон анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеріс барысында өзбекстандық 7 қыз интим қызмет көрсеткені белгілі болды. Бүгінде заңсыз нысанның жұмысы әшкереленіп, соталды тергеу басталған.
Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.
"Ұйымдастырушылар ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында 11 притонның жұмысы тоқтатылды. Тексеріс кезінде бұл орындарда 35 адам интим қызмет көрсетіп келгені әшкере болған. Оның 13-і - өзбекстандықтар. Ал "жеңгетайлар" ретінде Қазақстанның 12 азаматы ұсталған.
Барлық жаңалықтар