Семейдегі сұмдық: "Әлинұрды ұрып-соғып, аузына мүшеқап тыққан" дейді блогер

Семейдегі сұмдық: "Әлинұрды ұрып-соғып, аузына мүшеқап тыққан" дейді блогер
ТикТок әлеуметтік желісінде семейлік Арай есімді блогер кеше болған Семейдегі оқушылар арасындағы сұмдық жағдай туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz. "Семейдегі 6 сынып оқушысын 7 сыныптың бір топ баласы соққыға жықты. Не істегенін білесіздер ме? Ұрған, соққан, темекі шектірген, мүшеқапты аузына салып, қинаған... Соққыға жығылған баланың аты - Әлинұр. Әлинұрдың анасы қайтыс болған, өзі әжесінің қолында тәрбиеленіп жатқан бала. Балаға бар болғаны - психологиялық көмек қана берілген. Әлинұрдың отбасына көмек берейікші", - деген тиктокер қолында бар ақпараттарымен бөлісті. Еске салып өтейік, кеше Семей қаласында бір топ бала бір оқушыны жабылып ұрғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.
«Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне қойылады. Олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», — деп жазылған хабарламада.
Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@arailym_944/video/7475079724453121285?_r=1&_t=ZM-8uCiozRIV31  
Барлық жаңалықтар