"Сәуленің "Халық әртісі" куәлігін беріңдер-ей, қазақтар" деді Ақжүніс

"Сәуленің "Халық әртісі" куәлігін беріңдер-ей, қазақтар" деді Ақжүніс

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы әнші-күйшілерге беріліп жатқан атақ-марапаттарға қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында журналист әнші Сәуле Жанпейісоваға да "Халық әртісі" атағын беруді сұрап, нағыз өнер адамына қиянат жасамауды, еңбегін ескеру керегін айтты. "Мен де бір атақ алып алсам ба екен, ееең төменгісі, еееең кішісі болса да мейлі, әйтеуір үйімді атыма жаздыруға септігі тиетін атақ болса болды деп ойлағанмын. Сосын ол ойымнан айнып қалдым... Әнші емеспін... Фонограммам жоқ... Театртанушылық кәсібімді де театралдарға өкпелеп тастап кеттім... Мақалаларымды өзім үшін ғана жазамын дағы, ешкім көрмейтін папкаға сала саламын... Журналистиканы да сөйттім... Блогерлердің заманы жүріп тұрғанда кәсіби, өзіндік ойы бар журналист те керек емес бұл қоғамға... Газеттерге де мақала бермеймін, жазғандарымның қызығын компьютер және "Архив" деген папка ғана көреді... Журналистер де сұхбатқа шақырып-шақырып шаршады... Өстіп жүргенде қайдағы атақ, қоя қой, Сәуле. Әлишерлер алып алсын, Сәулелер күте тұрсын..." дедім... Әйтпесе Әлишергүл боп тұрар ма едім... Ал менің аттасым "Халық артисін" баяғыда алу керек еді... Архивімде аттасымның өнері туралы да тебіреніспен жазылған "шедеврім" бар еді... Тапсам, салармын... "Ештен кеш жақсы" деген, Сәуленің заслуженный "Халық артисі" куәлігін беріңдер-ей қазақтар! Куәлігі жоқ демесеңдер, ол онсыз да баяғыдан халық артисі!...деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар