Сара Алпысқызына қатысты ақпарат неге құпия сақталып отыр?

Сара Алпысқызына қатысты ақпарат неге құпия сақталып отыр?

Кеше бір сәтте әлеуметтік желіде "Сара Алпысқызы қайтыс болыпты" деген хабар тарап, жұрт жаппай көңіл айтты. Алайда артынша экс-президент Н.Назарбаевтың баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Жұртшылық қай ақпаратқа сенерін білмей аң-таң күйде қалған бұл жағдайға қатысты блогер, қоғам белсендісі Айсұлтан Жүсіп өз пікірін білдіріп, сұраулы жазба жариялады. Өз жазбасында блогер: "Біз неге жабық қоғамға айналдық? Жалпы, қашан айналып үлгергенбіз? Бұлай деуіме себеп бар. Кешегі Сара Назарбаева жайлы ақпараттар легінен соң ғой мұндай ойға бекінгенім. Әсілінде, Сара Назарбаева шынында да қайтыс болуы мүмкін. Әйтпесе, жұрт бұлай шулап кетпес еді. Жақсы, қайтыс болмады делік. Бірақ, жағдайы ауыр, кірпігі ғана қозғалып жатыр дегендей де мәлімет бермейді ресми хабарламада. Тек қана “Сара Назарбаева тірі. Өлген жоқ”,-дейді Айдос Үкібай. Жо, кімнің болса да ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешуін тілейтіндерденмін. Бірақ, біз расымен де жабық қоғамға айналыппыз. Ерте ме, кеш пе Сара апамыз да, Нұрсұлтан жездеміз де фәниден бақиға жол тартады ғой. Соны жасырмай ашып айта салса ештеңе етпес еді. Жаңалық астына жазылатын көңіл айтудан көрі қарғыс көп болатынынан қорқа ма? Мүмкін, екеуін әлі отыз жыл “тірі” деп елді алдап отыра береміз бе? Әлде, әлдеқашан әжем марқұмдармен шәй ішіп отыр ма екен бұ кісілер…" деп жазды Айсұлтан Жақыпов. Расында да, неге Сара Алпысқызына қатысты мәліметтер құрия сақталып отыр? Сіз қалай ойлайсыз? Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар