"Салтанаттың отбасынан кешірім сұраймын" дейді "Асар-Уме" еріктісі Елжас Шора

"Салтанаттың отбасынан кешірім сұраймын" дейді "Асар-Уме" еріктісі Елжас Шора
«Асар-Уме» қайырымдылық қорының еріктісі Елжас Шора осыған дейін Салтанат Нүкенова күйеуін өзін өлтіруге итермелегенін айтып, басы дауға қалған болатын. Енді ол осы сөзі үшін марқұмның отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осыдан 3-4 күн бұрын марқұм Салтанат туралы ойымды білдіріп, пікір қалдырған едім. Шамалы уақыттан кейін оның қате екенін түсініп, бірден өшіріп тастадым. Бірақ оқырман скриншот жасап, жан-жаққа таратып үлгеріпті. Халық мені Бишімбаевты қолдайды деп отыр. Бірақ олай емес, ниетім басқа болды. Мен «Асар-Уме» қорының қызметкері емеспін, еріктісімін. Бұл қателігімнің, жазғанымның қорға ешбір қатысы жоқ. Наразылықтар менің тарапыма болса деймін. Салтанаттың отбасы және «Асар-Уме» қорынан кешірім сұраймын», - дейді Елжас Шора.
https://www.tiktok.com/@imediacomqaz/video/7436292901614800161?_r=1&_t=8rLqRPNGjjE
Барлық жаңалықтар