Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырып, көпшілікке жариялады. Кемел Тоқаев 1945 жылы қаңтарда Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 7-ші жеке гвардиялық Ломжинск ауыр танк шабуыл полкінің командирі, гвардия подполковнигі Афанасий Поваров қол қойған құжатта былай делінген: "1945 жылы 21 қаңтарда Еглиёвец елді мекенінің солтүстік-батыс аумағында (Польшадағы Мазовецк воеводалығына қарасты) немістер түнде біздің позицияларға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар өз танктерін тайсалмай қорғап, кейін қарсы шабуылға шығып, немістерді шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен 5 немісті атып өлтірді және бір жаралы немісті тұтқынға алды. Тұтқынды өз бөлімшесіне әкеле жатқанда, Тоқаевтың аяғына жарылғыш оқ тиіп, жараланды (бастапқы машинкамен терілген "…және аяғынан айырылды" деген сөйлем сызылып тасталған). Тоқаев жаралы немісті атып өлтіріп, жарасын таңып, өз танктеріне жетті". Бұл күні неміс мергені жарылғыш оқпен Кемел Тоқаевтың балтырын жаралаған. Жауынгер Оралдың ар жағына эвакуацияланып, дәрігерлер оның аяғын кесуді ұйғарған. Алайда сол кездегі жас дәрігер – кейін әлемге әйгілі хирург атанған Гавриил Илизаров оны аман алып қалды. Осы сәтте Илизаров Кемел Тоқаевқа сүйек деформацияларын емдеуге арналған болашақ өнертабысының – бірегей құрылғысының алғашқы нобайларын қолданған.
-
Жаңаөзенде мектеп түлектерінің кортежі апатқа ұшырады
12:30, 23 мамыр 2025
14
-
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты
11:55, 23 мамыр 2025
32
-
Білім саласында ақша желінгеннен басқа атқарылған нәтижелі шаруа бар ма?
11:02, 23 мамыр 2025
207
-
"Министр Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберу керек!" дейді наразы жұрт
10:02, 23 мамыр 2025
190
-
"Түріктер тек қазақтың қызына үйленсін!" дейді түрік жігіті (ВИДЕО)
09:02, 23 мамыр 2025
322
-
Әнші Қазыбек Құрайыш өзіне некені тіркеу туралы өтініш түскенін көрсетті
08:30, 23 мамыр 2025
85
-
Қайрат Нұртас уәдесін неге орындамай жүр?
08:01, 23 мамыр 2025
213
-
Баян Алагөзова: "Шексіз бақытқа кенелдім"
07:30, 23 мамыр 2025
136
-
Бейсен Құранбек қара магияның құрбаны болған ба?
07:04, 23 мамыр 2025
1006
-
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті өтуі белгісіз
06:30, 23 мамыр 2025
102
-
“Гүлжанмен сүйісіп, төсекте жатып жүріп соттастық” дейді “Тамашаның” әртісі Мұхамеджан Мырзакеев
06:10, 11 наурыз 2025
10821
-
"Жұмабектің экс-әйелі Динарадан әдемі екен" дескен жұрт кәсіпкерді сынап тастады
06:00, 17 сәуір 2025
9873
-
Шешемнің азапты өлімі: Бұл дүниенің күнәсі о дүниеге өтпейді екен
09:34, 26 сәуір 2025
8362
-
Бишімбаевтың қарындасы ағасы туралы сұмдық шындықты жайып салды
05:33, 07 мамыр 2025
8050
-
Мұғалім министр Ғани Бейсембаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)
09:02, 16 мамыр 2025
7256
-
"Күндіз шешемді жерлеп, кешке тойға бардым" деді "супер тамада"
08:01, 27 сәуір 2025
7194
-
Оқу ағарту вице-министрінің қазасы: Медицинамыз ажал ошағына айналғаны ма?
13:07, 26 наурыз 2025
6114
-
Қайрат Нұртас масқара болып, ұятқа қалды
07:30, 24 наурыз 2025
6035
-
Қазақстандық лесбианка басынан өткен жағдайды баяндап берді
10:07, 01 сәуір 2025
5867
-
"Магнум дауы": Мұғалім Асылханға қатысты сорақы шындықтар жарияланды
05:50, 09 сәуір 2025
5616