Қытай медиакорпорациясы елордада «Тату көршілік қарым-қатынастың жаңа кезеңі» атты Қытай-Қазақстан мәдени алмасу форумын өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда Қытай медиакорпорациясы жасаған «Си Цзиньпиннің сүйікті қанатты сөздері» телебағдарламасының қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылды.
Өз сөзінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытайдың тату көрші ғана емес, сан жылдық тарихы бар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптес екенін ерекше атап өтті.
«Бұл тарихи байланыс ортақ мүддеге, өзара құрметке, екі ел дамуының даңғыл жолына, бейбіт болашағына негізделген. Биыл Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 32 жыл толып отыр.
Біздің байланысымыз Шығыс халықтарына тән шыдамдылық пен өзара құрметке жалғасып, ең қиын болып көрінетін мәселелер мен жағдайларда ымыраға келіп, шешім, табу, диалог жүргізу дәстүрі берік орнаған», — деді спикер.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық пен стратегиялық қарым-қатынас мүлдем жаңа деңгейге көтерілді.
«Екі мемлекет басшыларының арқасында қарым-қатынастар әріптестіктің жоғары деңгейіне көтеріліп, тату көршілікті одан әрі нығайту мен өзара тиімді ынтымақтастықта дамытуға жүйелі негіз қаланды. ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға қазіргі мемлекеттік сапары сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жақында жасаған мемлекеттік сапары достығымызды жаңа деңгейге көтерді.
Бұл туралы сарапшылар қауымының ғана емес, қалың жұртшылықтың да шынайы қызығушылығын тудырған Мемлекет басшысының Синхуа ақпарат агенттігіне берген сүбелі сұхбатында және ҚХР төрағасының ҚазАқпарат агенттігіне берген бағдарламалық мақаласында айтылды», — дейді А. Балаева.
Ақпарат министрі ынтымақтастығымыздың өте маңызды аспектісі — мәдени саладағы берік байланыс екенін жеткізді.
Атап айтқанда, шығармашылық топтардың қойылымдары, музей көрмелері, көркем экспозициялар, киноиндустриядағы жаңа фильмдердің көрсетілімі, ескерткіштердің ашылуын ұйымдастыру өте маңызды.
Өз кезегінде Қытай медиакорпорациясының бас директоры және бас редакторы Шэнь Хайсюн 4 сағат бұрын Си Цзиньпиннің ресми бортымен Астанаға ұшып келгенін және Қазақстан өте жылы қабылдағанын айтты.
«Әрине, біз бұл іс-шараға ерекше мән береміз. Қазақстанның Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіргім келеді. Осындай үлкен аумақта біз шын мәнінде өте мейірімді адамдардың өмір сүретінін көріп отырмыз.
Бүгін біз Қытайдың медиакорпорациясы атынан сіздермен осы форумда бас қостық. Менің ойымша, бұл қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңінің бастамасы болады. Қазақстан мен Қытай — тату көрші мемлекеттер. Біздің тарихымыз мыңдаған жылдарға ұласады. Біздің аумақтан Ұлы Жібек жолы өтті», — деді Шэнь Хайсюн.
Ол 2013 жылы Қытайдың төрағасы Син Цзиньпин алғаш рет «Бір белдеу, бір жол» идеясын ұсынғанын еске салды. Соңғы 11 жылда Қазақстан мен Қытай осы жоба аясында жұмыс жүргізуде.
«Бүгін біз „Си Цзиньпиннің сүйікті қанатты сөздері“ бағдарламасының үшінші маусымын қазақ тілінде бастаймыз. Бағдарлама ҚХР Төрағасының маңызды сөздерінде, мақалаларында және әңгімелерінде келтірген классикалық қытай шығармаларынан алынған дәйексөздерді жинақтаған.
Бұл хабарлар бай әрі терең қытай дәстүрлі мәдениетінің жаңа дәуірдегі мағынасын, жаһандық құндылығын ашады. Бұл Қытайдың өткенін, бүгінін және болашағын көрсететін классикалық сөздер.
Қытай бүкіл адамзат үшін бейбітшілік пен өркендеу сияқты құндылықтарды насихаттайды. Оны Қазақстанның басты ақпарат құралдары көрсетеді», — деді Қытай медиакорпорациясының басшысы.