Қырғыз президентінің жазбасы екі ел арасындағы дауды ушықтырып жібермей ме?

Қырғыз президентінің жазбасы екі ел арасындағы дауды ушықтырып жібермей ме?

Қырғыз президенті Садыр Жапаровтың Кенесары ханның басына қатысты дауға білдірген пікірі қазақ қоғамында пікірталас тудырды деп жазады Democrat.kz.

Президент Садыр Жапаровтың тарихи оқиға туралы баяндап, қырғыз-қазақ халқының бірлікте болуы керек дегенге саятын жазбасы түрлі пікір тудыруда. Мәселен, Қырғыз президентінің сол жазбасына қатысты сарапшы, журналист Асхат Қасенғали "тым әлсіз жазба" деп бағалады. Мұнан бөлек: "Бірлікке шақыру дұрыс қой әрине. Жапаровтың мына жазбасы бірлікке шақыратын жазба болса, тым әлсіз шығыпты. Керісінше эффект алуы әбден мүмкін. Жазбасында тарихи оқиғаларды қамтымай-ақ, былай десе: «Соңғы уақытта қазақ пен қырғыздың арасына от салып, тарихты қаузап, өткен шақтың жарасын тырнап, қос ұлтты бір-біріне айдап салудың ақпараттық әрекеттерін көріп жүрмін. Геосаясат сағатша құбылып, әлем алмағайып күйде тұрған сәтте, қазақ пен қырғызға бірлік пен достық, татулық пен тыныштық қажет. Ақпараттық кеңістіктегі сан түрлі арандатушылыққа ермеуге шақырамын. Біз Құдай қосқан көрші елміз. Біздегі татулық – сіздегі тұрақтылық, сіздегі татулық – біздегі тұрақтылық». Міне, осылай жазса, түсінер едім. Бірақ жазбасында тарихқа тым тереңдеп кетіпті. Керісінше нәтиже алуы әбден мүмкін. Біржақтылық басым. Жалпы тарихпен тарихшылар айналысқаны жөн ғой. Ел басшылары тарихи оқиғалар туралы айтқан сәтте әр сөйлеміне, сөйлемді қойып әр сөзіне абай болуы шарт. Өйткені оның соңы үлкен дауға ұласуы ықтимал... Жалпы бұл жазбаны жазудың қажеті бар ма еді? Жәә, қос ел арасындағы достық пен татулыққа сызат түспесін" деп жазды Асхат Қасенғали. Фото көрнекілік үшін интернеттен.
Барлық жаңалықтар