Қырғыз діндарлары Президент Тоқаевқа үндеу жолдап, өтініш жасады (ВИДЕО)

Қырғыз діндарлары Президент Тоқаевқа үндеу жолдап, өтініш жасады (ВИДЕО)
Қырғызстандық мұсылмандар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, өтініштерін білдірді деп хабарлайды Democrat.kz. ТикТок әлеуметтік желісінде тараған қысқа видеода өздерін қырғыстандық діндарлар деп таныстырған 7 азаматтың тақта отырған "көшбасшысы": "Қазақ елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Пайғамбарымыз Мұхамед с.ғ.с "қиямет күні жақындағанда, бес ұлы адам шығады" деген. Пайғамбар айтқан бес адамның төртеуі шығып қойды. Олар - пайғамбардың ізбасарлары 4 халиф еді. (осы арада түсініксіз түрлі арабша есімдерді тізеді- ред.)Ал бесінші адам имам Махди. Бұл бес кісіні Алланың өзі таңдап алды. Бұлар пайғамбардың ісін жалғастырушылар. Тоқаев мырза, өзіңіз және халқыңыз 4 халифті мойындасын" деген қырғыз діндарларының бұл үндеуін жұрт түсінбей әлек. "Өзіміздің арапқұлдар жетпей тұр еді, енді мыналар шықты ма?", "ойлары - халифт құру ма?", "көйлек киген еркектер", "құдай мыналардан сақтасын" деген сыңайда пікірлер жазылуда. Фото видеодан скринделді. https://www.tiktok.com/@kipshak59/video/7471655251947293958?_r=1&_t=ZM-8twfdBQItE7
Барлық жаңалықтар