Қоғамдағы діни алауыздықты қоздырып жүрген кімдер?

Қоғамдағы діни алауыздықты қоздырып жүрген кімдер?

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Есбол Нұрахмет қазіргі қоғамдағы діни алауыздық туралы жазба жариялап, оған қатысты қызу пікірталас болып жатыр деп жазады Democrat.kz.

"Біз негізі діни ортадан алыс жүрген соң көп нәрсені білмейді екеміз. Мәселе әлі де күрделі сияқты. Сәләфиттер қандай қауіпті болса, тәңіршілдер де сондай қатерлі елбұзарлық жасап жүр. Мына жақта Путинді "Мәһди" тұтқан сопылар бар. Осылардың бәрінің ит терісін басына қаптағысы кеп отыратын атеистер де бар. Қырық құрақ. Қазіргі таңда, әлемдегі діни радикализм сәл бәсеңдегендей болған соң, бізде де сондай бір тыныштық пайда болғанымен, ішкі ағыс тоқтамаған секілді. Құдай сақтасын, әлдебір үлкен соғыс бұрқ ете қалса, сиырдың бүйрегіндей қырыққа бөлініп қырқысамыз. Соңғы екі апта діни жағдайларға қатысты ақпараттарды көп іздеп кетіп едім, содан қорытқан ойым", деп жазды Есбол Нұрахмет. Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты оқырмандары түрлі пікір жазуда. Бір тарап қоғамдағы діни алауыздыққа мұсылмандарды кінәласа, енді бір тарап тәңіршілер ислам дініне шабуыл жасауда дейді. Мұнан бөлек, еліміздегі атеистер мен агностиктер де қоғамдағы діни таразыны теңселтуде деушілер де бар. Сіз қалай ойлайсыз, қоғамдағы діни алауыздықты тудырып отырғандар кім? Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар