Қоғам белсендісі ұл мен қызды бөлек оқытуды ұсынды

Қоғам белсендісі ұл мен қызды бөлек оқытуды ұсынды

Әлеуметтік желіде Қайрат Медиев деген азамат "ерекше ұсыныс" жасап, ол ұсынысы қызу пікірталасқа түсуде деп жазады Democrat.kz.

"Мектепте 6-шы сыныптан бастап қыз бала мен ұл баланы бөліп білім беру керек! Бұл жерде мектепті бөлу емес, тек оқушыларды бөлу. Ұстаздар да бөлінбейді. Бұл жаңалық емес, дүние жүзінде талай жерде жүріп жатқан білім беру әдісі. Ресейдің педагогика ғалымы В.Ф.Базарный осы әдіске 20 жылдан астам эксперимент жүргізіп өте жақсы нәтижеге қол жеткізген! Ол ютуб каналынан өз тәжірбиесі мен ашық бөлісуде! Ресейде 15-20 жыл ішінде 700 мектепке дейін осы Базарныйдың білім беру тәсіліне көшкен екен. Екіншіден, балалар өне бойы партада отыра бермей, арасында биік партада түрегеп тұрып сабақ оқиды. Эксперименттің соңында, оның айтуынша, балалардың білім деңгейі өте жоғары көтерілген, және ұстаздардың да, оқушылардың да психологиялық жүйесі, денсаулықтары жақсарған. Және қыз бала мен ұл балаға бірге білім беру, ұл балаларға зиян екенін анықтаған. Қыз бала мен ұл баланың жастары бір болғанымен, қыз бала генетика жағынан 2-3 жас ерте есейеді! Кейінгі кезде Әзербайжан мемлекеті осы Базарныйдың тәсілін мемлекеттік деңгейде қолға алған және Оңтүстік Кореяда, Түркияда тағы басқа дамыған мемлекеттерде осылай бөліп білім береді екен. Әлемнің атақты ең мықты университеттерінде студенттер солай оқиды! Ал бізде 20 жылдан астам Қазақ-Түрік лицейлері осылай білім беріп келеді. Және осы лицей оқушылары әлемде өтіп жатқан білім (олимпиада) жарыстарын ұтып келіп жатыр! Біз егер болашағымызды ойлайтын болсақ, осы Базарныйдың білім беру тәсілін қолға алу керек деп ойлаймын!" деп жазады Қайрат Медиев. Қоғам белсендісінің бұл ұсынысына қатысты бір тарап "өте дұрыс!" десе, ал бір тарап "түкке қажеті жоқ!" дегенге саятын пікір жазуда. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар