Ол Ресей шектеусіз рубль шығарып, сол арқылы Қазақстан валютасына қысым жасап жатқанын атап өтті. Бұл – теңгеге нұқсан келтіріп, инфляцияны күшейтіп, импортты қымбаттатып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайды. Бұл туралы қоғам белсендісі өз парақшасында жазған.
ҚҰРМЕТТІ ОЛЖАС АБАЙҰЛЫ!Ресей шектеусіз рубль басып шығарып, сол жасанды ақшасымен Қазақстанның валютасын сатып алуда..Бұл — ұлттық валютамыз теңгеге қысым, инфляция, импорт қымбаттауы, капиталдың кетуі, ақыры — егемендікке тікелей қауіпдеп есептеймін.Біз ешқашан бөтен біреудің соғысының құнын төлемеуміз керек!СОНДЫҚТАН:Рубльді айырбастау пункттерінен толық алып тастауды,Рубльмен тек банктер деңгейінде, шынайы бағаммен шектеуді;Ресеймен валюталық операцияларға қатаң бақылау орнатуды,Бұл жағдайды ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде тануды сұраймын.Мәселе — саяси емес, ұлттық мүдде.Рубль — одақтас емес, нарықтық бағаммен ғана жүруі тиіс.Құрметпен,"Демос" қоғамдық бірлестігінің басшысы Тұрарбек Құсайынұлы, - деп жазба қалдырған.
Тұрарбек Құсайынұлы бұл бастаманың саяси емес, ұлттық мүддеге негізделгенін атап өтті.