"Қазақпын деген адам - мұсылман емес!" дейді діндар

"Қазақпын деген адам - мұсылман емес!" дейді діндар
ТикТок әлеуметтік желісінде Ислам дінін орыс тілінде уағыздайтын келесі діндар ұлтыңды айтсаң, мұсылман емессің деп айды аспанға бір-ақ шығарды деп жазады Democrat.kz. "Біріншіден, қазақпын, сосын мұсылманмын дейтіндер бар. "Қазақпын" деу - өз ұлтын дәріптеу болып табылады. Ал өз ұлтын басқалардан биік қойып мақтану - мұсылманға жат дүние. Мұсылман дегеніміз - бағынған, табынған адам дегенді білдіреді. Яғни, Аллаға табынушы. Демек, мұсылман үшін Алланың сөзі бәрінен де биік болмақ. Ал алдымен "мен қазақпын" сосын мұсылманмын дейтін адам ең бірінші өзінің ұлттық салт-санасын, ұлттық құндылықтарын Алладан биік  қоятын адам. Сондықтан мұндай адам мұсылман, яғни бір Аллаға табынушы бола алмайды. Алла туралы, пайғамбар туралы айтқан кісіге "біздің ата-бабаларымыз да олай еткен, былай еткен" дейтін кісілер бір кездегі меккелік көпқұдайшылардан айырмашылығы жоқ", - деген діндар ұлтын мақтан тұтатын адам мұсылман емес деп, әдеттегідей әңгімесін өліммен қорқытумен аяқтады. Фото интернеттен. https://www.tiktok.com/@almaigne/video/7466468417516604694?_r=1&_t=ZM-8uU9tGZlOqL  
Барлық жаңалықтар