Қазақ күйеубаланы табалдырықтан жоғары шығармаған ба?

Қазақ күйеубаланы табалдырықтан жоғары шығармаған ба?

Тиктокер Айша Рүстембек күйеубалаға қатысты қазақтың ырым-тыйым, салт-дәстүрі туралы қызықты дүниелер айтты деп жазады Democrat.kz.

"Қазақ күйеубаланы табалдырықтан жоғары шығармаған. Күйеубала отын-су тасып, қайнжұртына қызмет еткен. "Пайғамбар да күйеубаласын сыйлаған" деп кейбіреулер күйеубаласын төрге шығарып жатады. Бұл - дұрыс емес. Себебі, төр - қазақта тек төрелік айтатын сол әулеттің үлкені мен қыздары отыратын жер. Ал күйеубала тіпті табалдырықты да баспаған екен бұрын. Келін мен күйеубала бір-бірінің елінде бірдей қызмет етуі керек. Күйеубалаға бата да бергізбеген. 80 жастағы күйеубала отырса да, 5-6 жасар сол әулеттің баласы бата беретін болған", - дейді тиктокер. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@/video/7433693778558340357?_r=1&_d=secCgYIASAHKAESPgo8CLqVwv9zEPNqTi3ah6Fm72nuAarUi2aD%2F2DL8Gj84BreIIT5Uy7opun4daZYqkLf0tPDEX0rO6Z5mf9%2BGgA%3D&u_code=dc0d2b73eg19gi&share_item_id=7433693778558340357&timestamp=1730840681&utm_campaign=client_share&utm_source=short_fallback&share_app_id=1233  
Барлық жаңалықтар