"Жуықта әлеуметтік желілер арқылы Парламент Сенатының бұрынғы басшысы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтаған видео тарағаны мәлім. Әлбетте тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами "артықшылығы" болса, оған ешқандай дау жоқ. Бірақ бұл адам - Дариға ханым кеше ғана елдегі екінші басшысы ретінде жоғарғы саяси лауазым иесі болғанын ұмытпау керек. Сондықтан бұны бұрынғы саяси режимнің "артықшылығын" дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси манипуляция деп қабылдау керек", - дейді Ермұрат Бапи.Депутаттың пікірінше, "қазақ қоғамына іріткі салуға астыртын бағытталған осындай "ескіні аңсау" үрдісі бүгінде саяси сипат ала бастаған". Ермұрат Бапи әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан мұндай манипуляция арқылы "жаңа Қазақстанды "саяси жік-жікке бөлу, өш алу, есе қайтару", "қайтып келу" әрекетін байқау қиын емес екенін айтады. Мәжіліс депутаты Қаңтар оқиғасына қатысты да сөз қозғады. Оның сөзінше, бұл қанды оқиғаға себеп болғандар қоғамның санасын тағы да уламақ. "Қаңтар оқиғасына тікелей қатысы бар, қантөгіске себепші болды деп саналатын "теріс діни ағым" иелері ендігі жерде қоғамның саяси санасына "қиқым салуға" белсенді түрде кірісіп жатыр. Бұған тағы да сол "успешный успех"-қа жеткен бұрынғылар мұрындық болып отыр. Қаңтардың қаһарынан қашып кеткендер біртіндеп, елге орала бастады", - деді ол. Депутаттың айтуынша, "енді олар ел ішіне ұлттық мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасап жатыр". "Әлеуметтік желілер мен таралымы миллонға тақау жазылушысы бар танымал интернет ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы, оларды өз "бауырларына" басып, ашық платформалар арқылы саяси теңселістер тудыруға ниетті. Маған мұндай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жетті", - дейді Бапи. Оның сөзінше, "бүгінгі билік отставкаға кетеді", "мерзімінен бұрын өтетін сайлауларға сайлауға дайындық жүріп жатыр", "депутаттардан ұят кетті" деген сияқты трендтердің желіде еркін тарауына сол реваншистік күштердің әрекеттері себеп болып отыр. "Бұның бәрі "бұрынғының кезінде мұндай болмаған" деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салудың саясат технологиясы деп қабылдау керек. Мен дәл осындай контрпропагандалық материалдардың бір порасын тиісті ведомстволардың жоғары лауазымгерлеріне жолдаған едім. Енді қоғамға іріткі салушы түпнұсқаларды анықтауды, ең бастысы – ел-жұртқа жік салу пиғылы бар осындай "ескішіл" астыртын күштерді анықтауды, олар жөнінде қоғамға толыққанды ақпарат беруді Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшылығынан сұраймын", - деді депутат. Бапи бұл тұста заңсыз қудалау болмауы қажет екенін де мәлімдеді. "Жеме-жемге келгенде, "ескішілдік" технологиясы ұлттық тұтастыққа қастық қылатын, қазақ қоғамын саяси лагерьлерге бөлшектеуге құштар "сөз бостандығы" біздің елдік болашағымызға қатер тудыруы әбден мүмкін. Қазақстанның қауіпсіздігіне, жуық болашақтағы елдік мұратына қаскүнем мұндай сөз бостандығы бізге қажет емес деп санаймын. "Бұрынғы билікті" аңсаушылар ушықтырып, қазақтар мен жалпы мұсылмандар дүниесін "жаңа Қазақстанға" қарсы айдап салып жүрген діни-саяси әрекеттер де әшкереленуі керек. Қазақтың мың жылдық ұлттық мұраттары мен ұлттық салт-дәстүрі шариғатпен емес, тиісті заңнама нормаларымен реттелуі тиістігін ұмытпайық!" - деді ол. Фото интернеттен алынды.
"Қаңтарда қашып кеткендер елге оралып, астыртын соғысты үдетуде" дейді депутат

-
Жаңаөзенде мектеп түлектерінің кортежі апатқа ұшырады
12:30, 23 мамыр 2025
14
-
Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысты
11:55, 23 мамыр 2025
32
-
Білім саласында ақша желінгеннен басқа атқарылған нәтижелі шаруа бар ма?
11:02, 23 мамыр 2025
207
-
"Министр Ғани Бейсембаевты отставкаға жіберу керек!" дейді наразы жұрт
10:02, 23 мамыр 2025
190
-
"Түріктер тек қазақтың қызына үйленсін!" дейді түрік жігіті (ВИДЕО)
09:02, 23 мамыр 2025
322
-
Әнші Қазыбек Құрайыш өзіне некені тіркеу туралы өтініш түскенін көрсетті
08:30, 23 мамыр 2025
85
-
Қайрат Нұртас уәдесін неге орындамай жүр?
08:01, 23 мамыр 2025
213
-
Баян Алагөзова: "Шексіз бақытқа кенелдім"
07:30, 23 мамыр 2025
136
-
Бейсен Құранбек қара магияның құрбаны болған ба?
07:04, 23 мамыр 2025
1006
-
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті өтуі белгісіз
06:30, 23 мамыр 2025
102
-
“Гүлжанмен сүйісіп, төсекте жатып жүріп соттастық” дейді “Тамашаның” әртісі Мұхамеджан Мырзакеев
06:10, 11 наурыз 2025
10821
-
"Жұмабектің экс-әйелі Динарадан әдемі екен" дескен жұрт кәсіпкерді сынап тастады
06:00, 17 сәуір 2025
9873
-
Шешемнің азапты өлімі: Бұл дүниенің күнәсі о дүниеге өтпейді екен
09:34, 26 сәуір 2025
8362
-
Бишімбаевтың қарындасы ағасы туралы сұмдық шындықты жайып салды
05:33, 07 мамыр 2025
8050
-
Мұғалім министр Ғани Бейсембаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)
09:02, 16 мамыр 2025
7256
-
"Күндіз шешемді жерлеп, кешке тойға бардым" деді "супер тамада"
08:01, 27 сәуір 2025
7194
-
Оқу ағарту вице-министрінің қазасы: Медицинамыз ажал ошағына айналғаны ма?
13:07, 26 наурыз 2025
6114
-
Қайрат Нұртас масқара болып, ұятқа қалды
07:30, 24 наурыз 2025
6035
-
Қазақстандық лесбианка басынан өткен жағдайды баяндап берді
10:07, 01 сәуір 2025
5867
-
"Магнум дауы": Мұғалім Асылханға қатысты сорақы шындықтар жарияланды
05:50, 09 сәуір 2025
5616