Қаңтар оқиғасы бойынша полицейлер сотталды

Қаңтар оқиғасы бойынша полицейлер сотталды
Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау қолданған полиция қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 2024 жылғы 19 наурызда Алматы Алмалы аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану дерегі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы). "Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді", - делінген хабарламада. Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге залал келтірілген. "Соттың үкімі бойынша, үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды". Үкім заңды күшіне енген жоқ. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар