"...қандай оңбаған адаммын" деген актриса жан сырын ақтарды

"...қандай оңбаған адаммын" деген актриса жан сырын ақтарды

Белгілі актриса әрі блогер Мереке Қалбаева «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында енесімен қарым-қатынасы туралы шынайы сыр шертті. Бастапқыда бірге тұруға қарсы болғанын айтқан ол, кейін енесіне деген көзқарасы өзгергенін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Енеммен бірге тұруға қарсы болдым

Мереке Қалбаева алғашында енесімен бірге тұруға ниетті болмағанын мойындады. Алайда анасының кеңесі мен түсіндіруінен кейін, енесіне деген көзқарасы өзгеріп, оны жақсы көріп кеткенін айтты.
«Қазір енеммен тұрғым келеді. Басында тұрғым келмейтін. Сосын өзімнің мамам «мен сені осылай тәрбиеледім бе? Енең жалғыз тұрады, қорқатын шығар» дегенде мен жылап жібергем. Шынымен ол адамның орнына өзімді қойдым да, қандай оңбаған адаммын деп ойладым. Содан бері енемді қатты жақсы көремін», – деді актриса.

Үш баланы қатарынан дүниеге әкелгеніне қуанады

35 жастағы Мереке Қалбаева үш баланы қатарынан дүниеге әкелгеніне қуанышты екенін білдірді. Ол енді сәл демалып, кейін тағы да ана болуға дайын екенін айтты.
«Жасым кеп қалды ғой. 35-темін. Бірден туып алғаныма қуанамын. Енді сәл демалып алып, еркектің жасына келгенде туам. Балаларыма туған сіңлімдерім қарап көмектеседі. Балаларым туылғалы солар қарап беріп жатыр», – деді ол.
Барлық жаңалықтар