Педагогтар "ата-ана" десе, төбе шашы тік тұратын жағдайға жеттік

Педагогтар "ата-ана" десе, төбе шашы тік тұратын жағдайға жеттік

ТикТок парақшасында педагог Сәуле Тұрсынбек қазіргі ата-аналарға қатысты сұмдық шындықты айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Қазір тәрбиешілер мен мұғалімдер "ата-ана хабарласты" десе, көздері бақырайып, төбе шашымыз тік тұрып, аяқ-қолымыз қалтырап, қорқатын жағдайға жеттік қой. Ата-аналар травманың көкесін көрсетуде. "Ата-ана хабарласты" десе, ол оқушының шежіресін ақтарып, сабылып кетеміз. Дәл қазір Қазақстанда ата-ана болып қойып, жұртты сынап, бар кінәні тәрбиеші, мұғалімге, жалпы педагогтарға аударып қойып қойып отырған тиімдірек деп ойлаймын", - дейді Сәуле Тұрсынбек. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@saule_tursynbek/video/7486481362090773778?_r=1&_t=ZM-8va32Ve3nmQ
Барлық жаңалықтар