Партия төрағасының бетінен шапалақпен салып қалды (ВИДЕО)

Партия төрағасының бетінен шапалақпен салып қалды (ВИДЕО)

Қаптаған партиялардың өкілдерінен былайғы жұртқа аса келіп-кетер пайда аз екені халыққа мәлім. Халықтың дауысын жинап алып, сайлаудан өткенше, уәдені үйіп-төгетін партия өкілдері көбінесе жауапкершіліктен жалтарып жатады деп жазады Democrat.kz. 

Партия өкілдерінің сондай әрекеттеріне әбден ашуы келсе керек, Түркиядағы МНР, яғни Ата Түріктің құрған Ұлттық халықтық партия төрағасы кеше қарапайым азаматтан оңбай таяқ жеді. Партияның өкілі Суррейя Өндердің жаназасынан шыққан МНР партиясының төрағасы Өзгүр Өзелдің ту сыртынан күтпеген жерден атып шыққан Селжұқ Теңгиоғлұ төрағаның бетінен шапалақпен аямай салып қалды. Әлгі шапалақтың қатты тигені сонша, партия төрағасы тұрған жерінде аздап теңселіп кетті. Әрине, білдей партия төрағасына тиген бұл шапалақтың иесін сол мезетте полиция тұтқындады. Өзінің бұл әрекетін Селжұқ "партия басшысының ешбір уәдесін орындамауымен" байланыстырып, түсінік берді. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@ruyabach/video/7500566181519150358?_t=ZM-8w5ByOUQkRp&_r=1  
Барлық жаңалықтар