"Ордабасылықтар" төбелесіп қалды

"Ордабасылықтар" төбелесіп қалды
Шымкенттік "Ордабасы" жастар командасының ойыншылары Қазақстан екінші лигасының матчында бір-бірімен төбелесіп қалды деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.   Футболдан Қазақстан екінші лигасының 8-турында "Ордабасы" жастар командасы "Оңтүстік" ұжымына қарсы ойнады. Матчтың 88-минутында "Ордабасының" қақпасына үшінші гол кіргеннен кейін команда ойыншылары өзара төбелесіп қалды. Нәтижесінде Тұрар Еркінбек, Рысдәулет Аманбай, Шерхан Асанбек алаңнан қуылды. Кейін шымкенттіктер тағы бір гол жіберіп алып, 4:0 есебімен жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, қазір "Ордабасы" жастар командасы екінші лиганың кестесінде 13 ұпаймен 6-орында келеді. Ал "Оңтүстік" ұжымы 14 ұпаймен 5-орында тұр. Фото интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар