"Оқу ағарту министрлігі, ашық сөйлесейік!" дейді білікті ұстаз

"Оқу ағарту министрлігі, ашық сөйлесейік!" дейді білікті ұстаз

Танымал ұстаз Аятжан Ахметжанұлы өзінің парақшасында қандастардың балаларын мектепке алмай отырған директорлар мен Білім басқармаларын айтып, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.

"ҚР оқу ағарту министрлігі! Алматы қаласы білім басқармасы!   Алатау ауданы білім бөлімі! Бір қандастың баласын 2 ай мектепке қабылдамай қаңғытып қойды! Алматы қаласы Білім басқармасын да, мектеп директорын да, Оқу ағарту министрлігін де толық хабардар еттім. 2 ай жүгіртті. Бірақ, мектепке алмайды! Мектеп директоры білім бөлімінен қағаз әкелсең аламыз дейді! Білім бөлімі "сендер түлгіл (Қытайдан келген қандастар) өзіміздің балаларға орын жоқ, қайда барсаң, сонда бар" дейді. Оқу ағарту министрлігі білім бөлімінің басшысына сөзім өтпейді дейді! Әлде, президенттің қандастарды шақырып отырған саясатына қарсысыздар ма? Ашық сөйлессек!?" деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.  Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар