"Нурикамалдағы" оқиға керісінше болғанда, қалай болар еді?

"Нурикамалдағы" оқиға керісінше болғанда, қалай болар еді?
Бір аптадан бері әлеуметтік желідегі қазақ контенті "Нурикамал" фильмін талқылап, қызу пікірталас жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz. Бір тарап фильмнің желісі керемет екенін, әннің авторы Ханбибі Есенқараның әрекетін "ерлікке балап", әрбір қазақ әйелінен осындай батылдық, даналық күтетіндерін жазуда. Ал келесі тарап өз күйеуінің басқа әйелге ғашық екенін біліп, сол үшін ән шығарған ақынның әрекетін фильм етіп шығарудың түкке қажеті жоғын, қоғамға осындай түсінікті сіңіру - сауатсыздық екенін алға тартуда. Бір-біріне қарама-қарсы осындай пікірталастың ішінде кез келген пендеге үлкен ой салатын дүниені Айнұр Елтоқ жазды. "Нурикамал" киносы ән желісі бойынша түсірілген деп, алданамыз, алдаймыз. Негізінде, көпшілік ортасына шығарылған дүние болған соң, ол тарихта қалады. Мені қынжылтатыны жарайды, Ханбибі ақын бәріне көнді, ән шығарды, тіпті ер азаматын жіберді делік. Бұл жерде ақылды, кемеңгер Ханбибі ақын емес пе? Тарихта атын қалдыру үшін, неге ең болмаса киноның атын; "Дана әйел", "Кемеңгер жар" т.б сол кісінің құрметіне қойылмады. Неге дәл сол "Нурикамал"?... Демек, кино арқылы ер азаматтардың басқаға ғашық болуына, екіншіге жол барын көрсеткен. Киноның негізгі астары қазіргі келіншектерге тасталған үндеу сынды. Киноның желісі, солай бола біліңдер, біле білу керек- деген сынды" деп жазды Айнұр Елтоқ. Мұнан бөлек, қазақ қоғамына ой салатын келесі сауал: "Егер "Нурикамалдағы" оқиға керісінше болып,  ақын Ханбибі басқа еркекке құлай ғашық болып қалғанда, оған күйеуі ән шығарып берер ме еді? Ақынның осы жағдайы фильм болып, жарыққа шығар ма еді?" Сіз бұған не айтасыз? Қалай болар еді? Дайындаған - Мәриям КЕНЕСАРЫ. Democrat.kz. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 
Барлық жаңалықтар