"Неке қыздың үйінде қиылуы керек" дейді имам

"Неке қыздың үйінде қиылуы керек" дейді имам

Жұртқа танымал имам Нұрлан жастардың неке қиюына қатысты айтып, себебін түсіндірді деп жазады Democrat.kz.

"Неке - қыздың үйінде қиылуы керек. Себебі, үйінен алып шығып бара жатқанда, күйеу жігіт қыздың қолынан ұстайды. Ал неке қиылмай тұрып қыздың қолынан ұстау - харам. Бізде не істейді? Мешітке көлікпен шулатып келіп, неке қидырады. Мешітке келгенше, жігіт қыздың қолын ұстап, сүйіп те, басқа нәрсе де жасап қойды ғой. Ал келін алды-арты ашық көйлекпен келеді. Оған қарамаймын деген молда не оқып, не қойғанын білмей, есі ауып қалады", - деді Нұрлан имам. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@ahan.kz83/video/7503123771264421127?_t=ZM-8wJVX115BYM&_r=1
Барлық жаңалықтар