Мұқағали Мақатаевтың ұлы блогерді сотқа берді

Мұқағали Мақатаевтың ұлы блогерді сотқа берді

Мұқағалиды "сорлы еркек" деп әлемге жар салған Әлішер Теменовтің ісі сотта қаралып жатыр. Блогердің үстінен Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев шағым түсірген, деп хабарлайды Orda.kz.

Ол Теменовке қатысты Қылмыстық Кодекстің 131-бабы 2-тармағы «Қорлау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды сұраған. Қылмыстық істі Алматының Наурызбай аудандық сотында судья Бейнегүл Қайсина қарады. Ақыры Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Мұқағалиды қорлаған блогер Әлішер Теменовке қатысты сот басталды. Ал Теменов адвокат жалдамақ болған, бірақ әлі таппапты. Сотқа ресми өкілі Мейірман Шекеевпен бірге келді. Әлішер Теменов сот залында журналистердің бейнеге түсіруіне қарсылық білдірді. Блогердің ресми өкілі соттаспай-ақ татуласуға келіп едік деді судьяға.
«Бұл екі кісі түптеп келгенде туыс. Бір атаның балалары. Негізі Теменов өз әрекеті үшін кешірім сұраған. Мүмкін сізден кешірім сұрамаған шығар. Өзім де қарсы болғанмын. Бірақ біздің көмекке жүгінген соң, көмектесейік деп шештік. Мүмкін болса, сізден кешірім сұрасақ деп едік», — деді блогердің ресми өкілі Мейірман Шекеев Мұқағалидың ұлы Жұлдыз Мақатаевқа.
Судья 10 минут үзіліс жариялап, екі тарапқа татуласуға мүмкіндік берді.
Барлық жаңалықтар