"Мұғалімнің басы ешкімнің алдында иілмесін!" деген әннің авторы жұртты сүйсінтті

"Мұғалімнің басы ешкімнің алдында иілмесін!" деген әннің авторы жұртты сүйсінтті
Әлеуметтік желіде тараған рэп жанрымен айтылған бұл ән көпшілікті сүйсінтті деп жазады Democrat.kz. Еламан Жүсіп атты әлеуметтік желі қолданушының өз парақшасында жүктеген рэп әні қазіргі біздің мұғалімдердің жай-күйін дәл айнытпай суреттеген. Мұғалімнің әр күн сайын мектепте көретін құқайы, жалақысының жартысынан көбі мектеп асханасы мен көрнекілік құрал жасауға кететіні, ата-аналардың тепсініп келіп, бар кінәні мұғалімге артатынын осы бір қысқа ғана ән мен видео-клипте керемет беріліпті. "Ғалым да, шахтер де бас иген мұғалім ешкімнің алдында бастарын имесін" деп аяқталатын бұл әнге қатысты жұрт алғыс пікірлерін жаудыруда. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@yussyella/video/7469065747222826245?_r=1&_t=ZM-8tm4bw1rDtN
Барлық жаңалықтар