Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазіргі білім саласында ЖИ-ді қолдануға байланысты өз пікірін білдіріп, ұсыныс айтты деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында өз пікірімен бөліскен депутат бұл ұсынысын Парламентте ресми сауал ретінде жолдағанын баяндады.
"Рөлде жүргізуші куәлігі жоқ адам. Жол ережесін білмейді. Жол жоқ, бағдаршам жоқ, ереже де жоқ. Нәтижесі қандай болады?Апат.
Бүгінгі оқушылар дәл осылай жасанды интеллект құралдарын пайдаланып жүр: ChatGPT, Gemini арқылы үй тапсырмасын орындайды, шығарма жазады.
Бірақ оларға оны қалай дұрыс, әділ, этикалық қолдану керек екенін ешкім үйреткен жоқ.
Нәтижесінде үстірт ойлау, көшіру, дайын жауапқа тәуелділік, сыни ойлаудың әлсіреуі.
Ал біз көлік жүргізуге үйретеміз ғой. Жол ережесін оқытамыз, емтихан тапсырады.
ЖИ бойынша да дәл солай істеуіміз керек.
Дамыған елдер не істеп жатыр?
Қытай. ЖИ пәні мектептерде міндеттелуде. Эстония. ChatGPT-ге рұқсат, мұғалімдерге курс.
АҚШ. 250-ден астам алпауыт компания басшылары ЖИ-ді мектеп бағдарламасына енгізуді талап етті.
Ал бізде ше?
Президент Қ. К. Тоқаев бұл бағытты өзі бақылауында ұстап, үлкен жұмыс атқарылуда. Біз арнайы заңды дайындап, бүгін бірінші оқылымда қабылдадық.
Бірақ…
Мектептерде ЖИ бойынша жүйелі оқыту жоқ. Мұғалімдер толық дайын емес.Әдістеме де, бағалау саясаты да жоқ.
Сондықтан біз мыналарды ұсынамыз:
- Ұлттық білім беру саясатын бекіту
- Оқу бағдарламасына ЖИ бойынша арнайы модульдарын енгізу, сыни ойлау, ақпараттық гигиена мәселелеріне назар аудару.
- Мұғалімдерді арнайы даярлықтан өткізу
- Академиялық адалдық талаптарын жаңарту 5. Ұлттық әдістемелік орталық құру
- Ата-аналар мен оқушыларға онлайн-курс
- Университет бағдарламаларын қайта қарау.
McKinsey 2030 жылға қарай жұмыстың 70%-ы ЖИ-мен байланысты болады.
Біз балаларды ЖИ-дің жай ғана тұтынушысы емес, оны сауатты, саналы, тиімді, дұрыс қолданушысы етіп тәрбиелеуіміз керек" деп жазды
Асхат Аймағамбетов.
Фото интернеттен.