"Мүфтияттың артында - Қазақстан, мүфтидің артында - Президент тұр" деген ақсақал "Мүфтиятқа қарсы адам қазақ емес" деді (ВИДЕО)

"Мүфтияттың артында - Қазақстан, мүфтидің артында - Президент тұр" деген ақсақал "Мүфтиятқа қарсы адам қазақ емес" деді (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде имамдарды қорғап сөз сөйлеген ата елдегі діни жағдайға қатысты арқаланып, пікірін білдіріп, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz. Әлеуметтік желіде тараған төмендегі видеодағы атаның аты-жөні, қызметі туралы дерек таппадық. Оның өз сөзінен түсінгеніміз, Алматы облысындағы Жаркент қаласы маңынан сияқты. Атамыз бұрынырақ имамды сабап тастаған бір оқиға туралы баяндап: "Бұрын имамға төрден орын берген. Басты имамның алдына қойған. Әйелі жоқ болса, қалыңмалын төлеп, қыз әперген. Малы жоқ болса, мал берген. Ата-анаң, бауырың өлсе - жаназа оқыған имам. Ұл-қызың өскенде, некесін қиған - имам. Сол имамды кім ұрды дедім. Бір өзім, ешкімі жоқ, Албанның елінде, Жалаңаш деген жерде учаскелік милицияны шақырдым. Милицияның погонынан ұстап: "Ей, мүфтият дегенді біліп қойыңдар, оның артында Қазақстан тұр! Мүфти дегенді біліп қойыңдар, оның артында - Президент тұр! Имамдардың Президенті бар! Қазақстан - біреу ғана!" дедім", - деген ақсақал әрі қарайғы сөзін діни уағызбен жалғап, "Мүфтиятқа қарсы адам - қазақ емес!" деді . Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@abylai_maksut/video/7469421407177297157?_t=ZM-8tmTmeQ41bC&_r=1  
Барлық жаңалықтар