Мүфтияттың әр қажыдан 500 доллардан ақша алғаны рас па?

Мүфтияттың әр қажыдан 500 доллардан ақша алғаны рас па?

Мүфтият әрбір қажыдан 500 доллардан алғаны туралы дәлел табылды. Мен неге Наурызбай Өтпеновті бас мүфтиліктен қуып, мүфтиятқа рефорама жасауды талап етем?

Төмендегі мынау видеода «ZamZam Qazaqstan» туристік компаниясының басшылары (директор Данияр Илиев) мүфтиятқа 200 мың доллар пара дайындап жатқан кезі. 2023 жылы «ZamZam Qazaqstan» мүфтияттан 400 адамды қажылыққа апарып келуге рұсат алады. Мүфтият басшылығы Данияр Илиевті әр қажы үшін 500 доллардан (200 мың доллар) пара беруге мәжбүрледі. Соның кесірінен директор Д.Илиев 120 қажыны қажылықтан елге алып келе алмай қиындыққа тап болды. Бұл - қазақ қоғамында үлкен дау-дамай туғызған оқиға. Бәрі осы жемқорлықтың құйтырқы схемасының басында тұрған бас мүфти Наурызбай Өтпеновті емес, туристік бизнестегі Данияр Илиевті айыптап, оған қарсы қылмыстық іс қозғап, ақыры соттатып тынды. Әрине, оның сотталуына күштік құрылымдармен «тонның ішкі бауындай» байласып кеткен Н.Өтпеновтің де әсері зор болды. Әліде де діни салада «айран ішкендер құтылып, тек шелек жалағандар тұтылып» жатыр. Мен бұл оқиға жөнінде жаздым және Н.Өтпеновті Бас мүфтиліктен қуып, мүфтиятқа түбегейлі реформа жасауды елдің саяси билігінен талап еттім. Өкінішіке орай, еліміздің идеологиялық секторының тікелей қолдауымен Наурызбай Өтпенов баламасыз негізде тағы да 5 жылға бас мүфти болып «сайланды». Мұсылмандардың құрылтайы алдында менің 18 жылдық Фейсбук парақшамады мүфтияттан тапсырма алған хакерлер жойып жіберді... Мұнымен проблема шешілген жоқ қой. Әбден іріп-шіріген мүфтиятқа дым болмағандай Наурызбай Өтпенов басшылық жасап отыр. Әкімдік имамдарға арнап салып берген Қарағандыдағы үйді Н.Өтпенов сатып жіберіп, ақшасын қалтасына басып алғанын құжатпен дәлелдеп бердім. Бас мүфтидің аймаққа сапары үшін молдалардан миллиондаған теңге жинайтыны да нақты дәлелмен жазылды... Бірақ осындай сыннан мүфтиятта та, Бас мүфти Н.Өтпенов те оңды нәтиже шығарған жоқ. Себебі «Балық басынан шіриді». Мынау Наурызбай Өтпеновті Бас мүфтиліктен қуып, мүфтиятқа түбегейлі реформа жасамай, дін саласында осындай былық-шылық бола береді, бола береді, қоғамның азғындауы тоқтамайды. Осы проблеманы Ақорда біле ме екен?!. Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. Фото көрнекілік үшін. [video width="464" height="848" mp4="https://democrat.kz/wp-content/uploads/2025/05/WhatsApp-Video-2025-05-16-at-12.15.34.mp4"][/video]
Барлық жаңалықтар