"Министрлікке шу шығаратын педагог керек емес" деп ескерту жасаған

"Министрлікке шу шығаратын педагог керек емес" деп ескерту жасаған
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы №2 мектеп-интернаттың мұғалімі өзіне Оқу ағарту министрлігінің өкілі қоқан-лоққы жасады деп видео жариялады деп жазады Democrat.kz. Аталмыш мектеп-интернаттың әлеуметтік-педагогика маманы Төлеубаева Жайна өзі қызмет ететін мектеп-интернатта болып жатқан заңсыздықтар туралы айтып, Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездескенін айтады.
Екі жылдан бері Ленгір қаласы №2 мектеп-интернатында балалардың құқығы тапталып жатқаны туралы айтқан Төлеубаева Жайна: "Осы мәселелерді айтып, министр Ғани Бектайұлының қабылдауында да болдым. Ғани Бектайұлы Астанадан Жолдас Нұрланұлы атты азаматты мектеп-интернатты тексеруге арнайы жіберді. Жолдас Нұрланұлы келді, мектеп-интернатты тексерді, бұрынғы басшыны клнкурссыз басқа мекемеге ауыстырды. Ал маған "тыныш жүріңіз, министрлікке шу шығаратын педагог керек емес. Шу шықса, сізден көремін" деп қоқан-лоққы көрсетіп кетті", - дейді.
  [video width="540" height="954" mp4="https://democrat.kz/wp-content/uploads/2025/01/WhatsApp-Video-2025-01-27-at-20.28.32.mp4"][/video]
Барлық жаңалықтар