"Мен - "брат" емеспін, мен - "сестрамын" дейді Амилай

"Мен - "брат" емеспін, мен - "сестрамын" дейді Амилай
Қазақстандық танымал трансгендер Амилайға әскерге шақыртылғаны туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Трансгендердің айтуынша, әскери комиссариаттан телефон арқылы қоңырау шалып, артынан SMS-хабарлама келген. «Маған хабарласып, «Брат, қай жылғысың деп сұрайды. Мен брат емес, сестрамын деп жауап бердім». Содан трансгендер Амилаймын деп түсіндірдім. Маған паспортымды алып, дүйсенбі күні келуімді айтты», - дейді ол. Ал трансгендердің өзі әскерге шақырылғаны туралы ойын айтты. «Қой, армияға баруға дайындалайын. Шашымды қайтадан ұзартып жасатайын. Кірпігімді жасатайын. Әдемі болып бармаймын ба», - дейді трансгендер. Оның әскерге шақырылғанына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. «Офицерлердің әйелдеріне қиын болды», «Енді әскерге трансгендерлер де шақырылып жатыр, ал сен әлі жүрсің деп айтатын болды ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Барлық жаңалықтар