Мемлекет 300 млн теңге бөлген фильм 7000 теңге пайда тапқан

Мемлекет 300 млн теңге бөлген фильм 7000 теңге пайда тапқан
 21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында сенатор Бекболат Орынбеков "Қазақфильм" АҚ-ға мемлекеттен бөлінген қаржы тиімсіз игеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Осыдан бөлек қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар. 2016-2022 жылдары кезеңінде "Қазақфильмге" кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен оның 4,8 пайызы ғана ақталды", - деді Бекболат Орынбеков Парламент палаталарының бірлескен отырысында. Депутат сөзіне нақты мысалдар келтірді. "Аруақ" фильміне 300 миллион теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. "Композитор" фильміне 1,2 миллиард теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 миллиард теңге, ал прокат соммасы 1,1 миллиард теңге. Өкінішке қарай осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттің аудиторлардың есептері ескерілмейді деген күмән бар", - деді сенатор. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар