Мектептегі білімсіз мұғалімдермен, мешіттегі дінбұзарлармен күресу керек

Мектептегі білімсіз мұғалімдермен, мешіттегі дінбұзарлармен күресу керек

Мен дінмен алыспаймын, дінбұзарлармен алысам. Өйткені, дінбұзарлар - құдайдың құрметі мен құдіретіне шек келтіруге себепшілер.

Адамға белгісіздік қорқынышты. Адам өзінің ақыл-ойы жетпейтін кезде өзінен де ақылды, өзінен де құдіретті күш бар екеніне сенеді. Сол сенім адамның ішкі стерженін, діңін ұстап тұрады. Сенім жоқ жерде үміт те болмайды, үміт болмаған жерде өмір де, даму да болмайды. Дәл қазіргі жағдайда құдайдың қаһарына ілігетін бір пенде болса, ол - адамдардың үмітін ұрлаушылар. Қазақ құдайсыз болмаған, болмайды да. Әлімжеттік жасағысы келгенге “Өзі беріп, өзі алатын құдай ма едің?”, кеудесіне нан пісіп, тәкаппарланғанға “Құдайыңды ұмытқан екенсің”, ардан аттап, әлсізге күш көрсеткенге “құдайдан қорықсаңшы!” дейтін қазақпыз. Мектепте білімі әлсіз ұстаздар бары рас сияқты, мешітте де дінбұзарлар бары рас. Мектептегі білімсіз мұғалімдермен де, мешіттегі дінбұзарлармен де “күресу” керек. Бірі ұрпақты бұзады, екіншісі елді бұзады. Содан кейін, имам-молдалар, құдайды меншіктегенді қойыңдар. Қазақтың Құдайын мешітке қамап ұстай алмайсың… Айгүл ЖҰМАДІЛ, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар