Мектеп директорлары - құдай арнайы жаратқан философтар сияқты

Мектеп директорлары - құдай арнайы жаратқан философтар сияқты
Осы маған мектептің директоры реактивті самолёт сияқты көрінеді. Пәленбай бала , сол баланың артында екі - екіден ата - анасы , мұғалімдер , аудандық білім бөлімі , қалалық білім бөлімі бәрі жинағанда бір директормен тікелей байланысты болды. Солардың ырың - жырыңын көтеріп , көңілін тауып қызмет ету оңай емес . Мектептің төбесінен ұшып бара жатқан сөзді атып түсіріп , жерге дөп түсіретін, түсіргенде тура кабинетіне түсіретін реактивтік самолёт! Тура дөп атып түсіріп алып , сөйлесіп , ашулы болса сабасына түсіріп , оппозиция болса ұнтақтап тастайтын ішіне аппарат жұтып қойған сияқты көрінеді. Директордар - құдай өзі арнайы көктен қалап жаратқан философтар сияқты. Афинада Греция, дүниеге келгендер. Директоплар сөйлегенде , ақыл айтқанда маған Сократ тіріліп келгендей болады. Ұлы философ былай тұрсын психологияны мықты меңгергендер. Не себепті? Не үшін? Не бүлдірген? Айтқызбай ұғатын , сұрамай білетін ғұламалар... Директордың бәрі бірдей жөргектен туылған директор болып , маған солай көрінеді. Мектепте не болып , не қойып жатқанын жиналыста отырып біліп отырады ?! Іштей сезетін , айтқызбай ұғатын , сөйлеспей білетін сезімтал жандар. Сондай ерекше қасиеттері басым ... Бір - бір реактивтік самолёт сақтап қойғандай көрінеді...Сіздерге қалай? Әсемгүл ӘЛДИБЕКОВА, белсенді ұстаз. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар