Мәсімовті жұртқа неге көрсетпейді?

Мәсімовті жұртқа неге көрсетпейді?
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қазір қайда екенін айтты, - деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Dalanews.kz.-ке сілтеме жасап. БАҚ өкілдері Мәжілісте министрге "Мәсімов қайда жазасын өтеп жатыр? Бір іс-шарада жүрген сурет бар деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат қаншалық рас? Неліктен жазасын өтеп жатқаны туралы бірде-бір сурет, видео жоқ?" деген сұрақ қойды. "Барлық сотталған адамды көрсете алмаймыз. Ол сотталған. Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр", - деп жауап берді министр алғашында. Артынша журналистер ведомство басшысынан колонияға кіріп, Мәсімовтен сұхбат алуға қаншалық мүмкіндік барын сұрады. "Ашық көрсетсеңіздер. Неге көрсетпейсіздер жасырып?" - деді БАҚ өкілі. "Қалай сұхбат? Оны неге көрсетуіміз керек? Қалай жасырып? Колонияға кіретін рәсімі бар. Дұрыс қой? Адам құқығына қатысты бюро бар", - деді министр. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар