Мәйітпен бірге жиналыс жасауды қояйықшы

Мәйітпен бірге жиналыс жасауды қояйықшы

Әлеуметтік желідегі парақшасында танымал журналист Асылхан Мамашұлы қазіргі кезде жиі кездесетін қоғамдағы жағымсыз көрініс туралы сөз етті деп жазады Democrat.kz.

"Топырағы кеппесе де айта берейін, о дүниенің емес, бұ дүниенің ісі ғой. Қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бәйтерегі Сейіт Қасқабасов 85 жасында өмірден озды емес пе бірер күн бұрын. Алды жарық, арты кеніш болғай! Жерлейтін күні үлкен акт залға әкеліп қоштасыпты ғалымдар. Ондайды көргем. Ал мәйітті алдарына қойып алып, жиналыс жасағанды көрмеппін. (Мәйіттің жанында отырудың өзі ерсі. Түрегеп тұру керек) Акт залдың орындықтарында ғалымдар толып отыр, сахнада мәйіт көлденең жатыр. Жанында естелік айтушы тұр. Қазақтың бірі сөйлесе қалғаны да біраз жерден қайтатыны белгілі ғой. Жиналыс емей не ол сонда? Қызды-қыздымен өлген адамға сөз беретін шығармыз бір күні? Көбейіп барады осы жағдай. Өлгенді тірінің жиналысына қатыстырмай-ақ қойсақ болмай ма? Естелікті жерлеген соң айтсақ та жетпей ме?Өлгенді тірінің жиналысына қатыстырмайық" деп жазды Асылхан Мамашұлы. Фото автордың парақшасынан алынды.  
Барлық жаңалықтар